ҰБТ? ТЕСТ? Грант? 😣
Бұл жай ғана сынақ. Бірақ сенің осы сынақты жеңуің көп нәрсені дәлелдейді. Ата-анаң қонаққа барғанда сені мақтанышпен айтып жүретін болады, туған-туыстарыңда "Біздің баламыз 132 немесе 138 алған" деп таныстарына еңсесін тік көтеріп айтып жүретін болады.
270 күн. Оқу жылы 270 күннен тұрады. Ал енді есептеп көрейік.
Қыркүйек айында сен үшін ҰБТ-мен танысу айы болады. Бұл кездері тест сынақтарын тапсырып, біртіндеп ҰБТ процесіне кіре бастайсың. 30-күн кетті делік, бұл айда сабақты барынша оқисың деп ойламаймын, көп уақытын әлі де болсын бос кетеді. Солай емес пе?!😒
Қазан, Қараша, Желтоқсан....
90күн. ҰБТ-ға дайындықтың бірінші кезеңі. Үйден мектепке, мектептен үйге барып келумен өтетін күндер. Мектептегі у-шу, үйдегі қолайсыздықтың кесірінен мүлдем сабақ оқығын келмейді. Сынақ тапсыру арқылы өз күшіңді байқадың. Өзіңе көңілін толмайды. Бірақ әлі де болсын өз дайындығыңды қолға алмай жүрсің. Бұған айтар сылтауларды да дайындап қойдың.
"Ой,мен жаңа жылдан бастап оқимын, 5 айда үлгеремін"
"Мектептегі мұғалімдерім нашар"
"Достарыма қарағанда жақсымын, олар маған жетем дегенше көтеріліп үлгеремін"
Осы сөздер таныс па? Осыны айтпасаң да, көкейіңде тұрғаны рас қой?!
Жарайды, ол сөздерді айттың делік, бірақ содан кейін қандай амалдар қолдандың? Жаңа жылдан бастап оқыдың ба? Егер жауабың "ия" болса сен үшін өте қатты қуаныштымын. 👍
Сонымен 120 күнің артта қалды. Артыңа қарап көрші, шынына келгенде ол айларда ештеңеге қол жеткізбедің. Ол айларды одан да пайдалырақ өткізуге болар еді ғой, ия?
Бірақ мұңайма,келесі 5-айда көп нәрсені өзгертуге болады.
Қаңтар,ақпан,наурыз...
90 күн. ҰБТ-ның негізгі кезеңі.Бұл айлар сен үшін ең жемісті айлар болуы тиіс. Осы 90 күннің ішінде барлық күш-қуатыңды жинап сабақ оқы. Сенің күш қуатың, бойыңдағы энергия, тап осы кезеңде тасып тұрады. Бар ынта-жігеріңді сабақ оқуға арна.
Қылтың-сылтыңдарды қой да, еңбек ет.
Өз нәтижеңді жақсарта бастадың, көптеген кітаптарды оқып тастадың, енді сен келесі кезеңге өттің.
Ақтық, 3 ші кезең.
60 күн. Сәуір, мамыр
ҰБТ жақындады, неғұрлым күн өткен сайын сабақтан мезі бола бастайсың. ҰБТ-ның тез өтіп кеткенін қалайтын кезеңге келдің.
Бірақ ең қиын сәт осы кезеңде болады. Сен біртіндеп өзіңе сене бастадың, кітаптарды оқығын келмейді, бәрін оқып, біліп қойған секілдісің. Бұрынғыдай Мотивация жоқ, оқуға жалқауланасың. Осының соңы неге апаратынын білесің бе?
Білгеніңді ұмыттыруға!
Жалқаулыққа!
Бос армандауға!
Ең өкініштісі төмен баллға.
Егер осылай болғанын қаламасаң, өзіңнің күн тәртібіне қарап көрші. Уақытың бос кетіп жатқан жоқ па? Дұрыс дайындалып жүрсің бе?
Саған бірнеше кеңес бергім келеді:
Өзіңнің күн режиміңе өзгертулер енгіз, бір сарынды дайындық іш пыстырады. Өзгертулер арқылы, жаңа дайындық ,сен үшін пайда әкеледі.
Ұйқы маңызды фактор. Ұйқыңның уақытылы болуын қадағала. Себебі ұйқының кесірі, жадыңның, есте сақтау қабілетіңнің нашарлауына әкеліп соқтырады.
Өзің әлсізбін деп есептейтін, пәндеріңе көптеп дайындал. Математикадан 30 балл алып жүріп, 40қа жеткізуден гөрі тарихтан 15 тен 20 ға жеткізу оңай екенін есіңнен шығарма.
Ең бастысы, ҰБТ-ны жеңуің тиіс сынақ деп қабылда.
Әр кезде өзіңе:
"Дұрыс дайындалып жүрмін бе?"
"Егер, ҰБТ-дан құлап қалсам, қандай жағдайға тап боламын?"
Деген сұрақтарды жиі қойып тұр.
Өзіңе сен, ешқашан өзіңе деген сенімділікті жоғалтпа! Түсіңдің бе? Есіңнен шығарушы болма, сенің ешқашан мойымауын керек! Сен бұл өмірге жеңімпаз ретінде келдің. Олай болса, бұны да жеңіп, өзіңді достарыңа, туыстарыңа, мектебіңе көрсететін кез келді.💪
📢 Репост жасап, Достарыңмен бөліс, лайк қоюды ұмытпа!