#219,Жаңа база 2018, #Қазақстантарихы_ЕНТ ҰБТ-да кездесетін сұрақтар. ①.VІІ ғ. басында Қытайдан Үндістанға жол тартқанда Түрік қағанаты террториясынан өткен және құнды мәлімет қалдырған будда ғұламасы: •/Сюань-Цзян (Шуан Заң)/ ②.568 ж. Түрік қағанатынын Маниах бастаған елшілігі: •/Константинопольге барып, сауда келісімін жасады және Иранға қарсы әскери келісімге қол қойды/ ③.552 ж. Бумын 50 мың әскерімен аварды талқандады: •/Түрік қағанаты құрылды/ ④.568 ж. Түрік қағанатының Константинопольге барған елшілігін басқарган соғды көпесі: •/Маниах/ ⑤.VI ғ.70 ж. Түрік қағанаты: •/Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстігіне дейін жетті/ ⑥.Түрік қағанатының астанасы: •/Суяб/ ⑦.Түрік қағанатында қағаннан кейінгі титул: •/Яғбу/ ⑧.Түркі халықтары және олардың орналасқан жерлері туралы алғаш рет дерек қалдырған: •/М. Қашғари/ ⑨."Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп атады: •/Қағандар/ ⑩.Түрік қағанатының билеушісі Бумын қағанның інісі: •/Иштеми/ ⑪.Мұқан, Иштеми қағандар билік құрған мемлекет: •/Түрік қағанаты/ ⑫.VII ғ-ң басында екіге бөлінген қағанат: •/Түрік/ ⑬.Түркі тілдес халықтардың түрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы және тілі туралы жазған орта ғасырлық энциклопедист ғалым: •/Махмұд Қашғари/ ⑭.Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері: •/«Күлтегін», «Тоныкөк»/ ⑮.Түріктердің Ұлы Дала қожасына айналуына әкелген оқиға: •/Жужандардың толық жеңілуі/ ⑯.Түрік тайпаларының ерте феодалдық мемлекеттері аталды: •/Қағанат/ ⑰.Мәтінде сипатталған тайпаны анықтаңыз: «Азияның ішкі қойнауы....тайпалардың отаны болды, олар ежелден батысқа, Днепр мен Дунайға дейін ұмтылды. Ол өңірдің мәдениеті бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда бай әрі жарқын, ... өз заманының қуатты мәдени ошақтарын дүниеге әкелді, оларды есепке алмай Еуразия тарихы толық ұғынықты бола алмайды.» деп жазған академик А.П. Окладников: •/Түрік тілдес/ ⑱.Түріктердің шаруашылығы: •/Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы/ ⑲.Түрік мәдениетінде "қам" деп атады: •/Шамандарды/ ⑳.Қытай билеушілері Түрік қағанатына жібек матамен салық төлеп отырды: •/Мұқан қаған кезінде/ ㉑.VI ғ-ң ортасында Түрік қағанаты жаулап алған эфталиттердің өмір сүрген жері: •/Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістан аралығы/ ㉒.Түрік руна жазуы ескерткіштері ішіндегі ең атақтылары: •/Білге қаған мен Күлтегін жазуы/ ㉓.Түрік қағанының ордасында болған Византия елшісі: •/Земарх/ ㉔.«Түрік тілдері сөздігінің» авторы: •/Махмұд Қашғари/ ㉕.Жужандар Түрік қағанатынан түпкілікті жеңілді: •/Мұқан қаған кезінде/ ㉖.Мәтінде берілген тайпаны тап: «Сүй патшалығы дәуіріндегі олар жөнінде «Сүй кітабында» былай деп жазылған: «Олардың ата-бабасы сиуңнулардың тұқымы, үрім-бұтағы өте көп. Балқаш көлінің шығысындағы тау аңғарларын мекендеп, өсіп-өніп келеді».Балқаш көлінің оңтүстігіндегі тайпа - барлығы жеті тайпа, бәрінің өз атауы және өз әскери күші бар. «Олардың атаулары бөлек болғанымен, бәрінің ортақ атауы - Олар Шығыс және Батыс Түрік қағанаттарына қарайды».Немістің шығыстанушы ғалымы Ф. Хирт осы жеті көшпелі тайпаны өзінше жіктеп, Тола тобы, Тәңіртау тобы, Алтай тобы, Соғды тобы, Арал-Каспий тобы, Пыңтосы-Каспий тобы, Қырғыз тобы деп атайды. Оның мұндай топқа жіктеуі дұрыс емес. Бұл тайпалардың ұлан-байтақ өңірге орналасқандарына күмәндануға болмайды. Әйтеуір сол кездегі қытайлықтардың түсінігі осындай. Кейбір шетел оқымыстылары «...» дегенді Орхон ескерткішінің жазуында кездесетін «төлес» немесе ежелгі түрік тіліндегі «арба дөңгелегі» дегенді білдіретін қытайдың «текулыку» сөзінің иероглифінің оқылу дыбысы дейді. Алайда еліміздегі белгілі ғалым Үй Тиәннің анықтауынан кейін, түрік дегенді «телукудың» (түрк) оқылу дыбысы деген тоқтамға келді: Мәтінде сипатталған тайпаны анықтаңыз: «Азияның ішкі қойнауы....тайпалардың отаны болды, олар ежелден батысқа, Днепр мен Дунайға дейін ұмтылды. Ол өңірдің мәдениеті бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда бай әрі жарқын, ... өз заманының қуатты мәдени ошақтарын дүниеге әкелді, оларды есепке алмай Еуразия тарихы толық ұғынықты бола алмайды.» деп жазған академик А.П. Окладников: •/Түрік тілдес Теле/ ㉗.Түрік қағанаты мен Византия саудаға байланысты Иранға қарсы одақ құрған жыл: •/568 ж./ ㉘.Түрік қағанаты екіге бөлінді: •/VII ғ. I жартысында/ ㉙.Түрік қағанытының үстемдігі Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына жеткен кезең: •/VI ғ-ң 70 жылдары/ ㉚.VII ғасырдың басында ұзақ уақытқа созылған тартыстан тұралап, ыдыраған ел: •/Түрік қағанаты/ ㉛.Түріктер отбасына шапағатын тигізеді деп табынған: •/Ұмай анаға/ ㉜.Түрік қағанатын «Ұлы Даланың шығыстағы қожасына» айналдырған: •/Мұқан қаған/ ㉝.Сауда жағдайына байланысты Иран мен Византияға елшіліктер жіберіп, келіссөз жүргізген түрік қағаны: •/Иштеми/ ㉞.Ұлы Жібек жолындағы саудаға байланысты Иранға қарсы одақ құрған елдер: •/Түрік қағанаты мен Византия/ ㉟.VI ғ-ң екінші жартысында сауда жолына байланысты дипломатиялық келісім жасаған елдер: •/Түрік қағанаты мен Византия/ ㊱.Қара Ескеден кейін билікке келген: •/Мұқан/ ㊲.Түрік тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын зерттеген белгілі ғұлама: •/М. Қашғари/ ㊳.Түрік қағанаты мен Византия мемлекетінің одақтасу нәтижесі: •/Ұлы Жібек жолы дамуының күшеюі/ ㊴.Түрік қағанатының негізін салған Бумын қаған қайтыс болды: •/553 ж./ ㊵.Мұқан қағанға салық төлеп тұрды: •/Қытайлар/ 📢 Репост жасап, Стенаңа сақтап қой!